Павлодардағы зауытта болған оқиға: зардап шеккен қызметкерлердің бірі ауруханаға жатқызылды

Depositphotos
Depositphotos

Өнеркәсіптік қауіпсіздік комиссиясы нысанда апат белгілерін анықтаған жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ағымдағы жылдың 16 мамырында сағат 23:10-да Павлодар алюминий зауытында өндірістік оқиға тіркелді. №3 пешті кептіру аймағын тазалау жұмыстары кезінде жиналып қалған материалдың бір бөлігі қабатталып ажырап, төмен құлаған. Жұмыс жүргізіліп жатқан сәтте бұл аймақта күйдіру цехының екі қызметкері болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Оқиға салдарынан қос жұмысшы да жарақат алды. Диірмен машинисінің оң жақ сирағы сынған. Екінші қызметкер — агломератшы — медициналық тексеруден өткеннен кейін оған оң жақ сирағының жұмсақ тіндерінің соғылуы деген диагноз қойылды, сүйектің сынуы және еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы анықталған жоқ.

Екі қызметкерге де уақытылы алғашқы көмек көрсетіліп, содан кейін олар облыстық ауруханаға жеткізілді. Тексеру нәтижелері бойынша агломератшы үйіне жіберілді: оның сүйектері сынбаған. Ал диірмен машинисі ауруханаға жатқызылды.

Оқиғадан кейін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның қызметкерлері Павлодар алюминий зауытының алаңына барды. Тексеру қорытындысы бойынша қауіпті өндірістік нысанда апат белгілері анықталған жоқ.

Оқи отырыңыз:   Қазақстандағы құрылыс материалдарының бағасы қанша тұрады

Новости партнеров