Ішкі нарықты картоппен қамтуда мәселе туындаса, экспортқа тыйым саламыз – Серік Жұманғарин

Биыл елімізде 2,9 миллион тонна картоп жиналған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Ішкі нарықты картоппен қамтуда мәселе туындаса, экспортқа тыйым саламыз». Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин осылай деп бекініп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, биыл елімізде 2,9 миллион тонна картоп жиналған. Бұл Үкімет болжаған көлемнен әлдеқайда көп. Министрің айтуынша, егер экспорт 500 мың тоннадан асып кетсе, сыртқа сатуды тоқтатады. Сондай-ақ ол картоп бағасы бір айда 4 жарым пайызға қымбаттап, 180 теңгеге жеткенін айтты.

«Қазіргі уақытта картоп өсірушілеріміз экспорт есебінен табыс тауып жатыр. Біз оларға бөгет болмаймыз. Дегенмен ішкі нарықты қамтамасыз ету мәселесі туындаған жағдайда, 500-600 мың тоннасын сатқаннан кейін экспортқа тыйым салатын шығармыз немесе квота белгілерміз. Біз 300 тонна картоп экспорттадық. 200 тоннаға келісімшарт бар. Бірақ әлі экспортқа шығарылған жоқ. Сондықтан да біз алдын алу шараларын дер уақытында қабылдаймыз», – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.

Оқи отырыңыз: Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын қымбаттатпауға уәде етті

Новости партнеров