Әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекасы тамыз айының соңында іске қосылады

Ең бастысы – өтініш берушінің қолданыстағы депозитінің болуы және онда қаражат жинақтау мерзімі ескеріледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекасы тамыз айының соңына дейін іске қосылады. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте «Отбасы банк» төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, бағдарламаны қаржыландыру бойынша «Азия даму» банкімен тиісті құжатқа қол қойылған. Қазіргі есеп бойынша ипотеканың бастапқы мөлшерлемесі 14 пайыздан басталады. Бірақ бір деңгейде қалмайды. Ибрагимованың түсіндіруінше, клиент 8 жыл бойы депозит шотына қаражат салып отырады. Осы кезең аяқталған соң несие бойынша мөлшерлеме 3,5 процентке дейін төмендейді. Баспананы бастапқы және қайталама нарықтан сатып алуға болады. Ең бастысы – өтініш берушінің қолданыстағы депозитінің болуы және онда қаражат жинақтау мерзімі ескеріледі.

«Азия даму» банкімен құжаттарға қол қойдық. Ипотека 14 пайыздан басталады. Жоспар бойынша 14 -16 пайыз деп ойлағанбыз, қазір есеп шығарып жатырмыз. Қандай пайыз болатынын айтамыз. Депозитқа 8 жыл ақша салады, осы уақыт ішінде  несие 3,5 пайыз төмендейді», – деді «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

 Оқи отырыңыз: Ел жолдарында электромобильдерге арналған зарядтау станциялары көбейіп келеді