Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі

Қазіргі кезде жалпы ұзындығы 4,6 мың шақырым болатын каналдарда жұмыс атқарылып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жыл басынан бері Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» РМК филиалдары 1800 шақырым каналды механикалық тәсілмен тазалады. Жыл соңына дейін тағы 411 шақырым каналды тазалау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv

Осылайша, Қазақстанда каналдарды механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2025 жылы «Қазсушар» РМК филиалдары 1840 шақырым каналды тазаласа, 2024 жылы 1147,6 шақырым, ал 2023 жылы 678 шақырым канал тазартылды.

Сонымен қатар суару желілерін ауқымды реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 4,6 мың шақырым болатын каналдарда жұмыс атқарылуда.

Жыл соңына дейін 962 шақырым каналды пайдалануға беру жоспарланған. Бұл шамамен 200 мың гектар суармалы жердің сумен қамтамасыз етілуін жақсартуға мүмкіндік береді.

«Каналдарды механикалық тәсілмен тазалау суармалы жерлерге су беру сапасын жақсартып, су ысырабының көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл вегетация кезеңінің тұрақты өтуіне ықпал етеді. Тазалау жұмыстары қарқынының артуы «Қазсушар» РМК арнайы техника паркін жаңартумен байланысты. Былтыр кәсіпорынға 576 жаңа техника бөлінді. Бұдан бөлек, тариф қаражаты есебінен тағы 135 техника сатып алынды», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов.

Оқи отырыңыз: Президент Жолдауын жүзеге асыру: елімізде «қызыл аймақтағы» ЖЭО саны төрт есе қысқарды