Халықаралық рейстер: Қазақстанда әуежайларға қойылатын талаптар жаңарды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Құжат биылғы 10 мамырдан бастап күшіне енеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда халықаралық рейстерге қызмет көрсететін әуежайларды ашу және пайдалану ережелері жаңартылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Тиісті бұйрыққа көлік министрінің міндетін атқарушы қол қойған. Құжат биылғы 10 мамырдан бастап күшіне енеді.

Құжат 2011 жылдан бері қолданыста болған ережелерге өзгерістер енгізіп, әуежайлардың инфрақұрылымы мен жабдықталуына қойылатын талаптарды нақтылайды.

Енді ережеде «халықаралық әуежай» ұғымы бекітілді — бұл кедендік, шекаралық және санитарлық-карантиндік бақылау ұйымдастырылған әуе айлағы.

Сондай-ақ халықаралық рейстерге ашылатын әуежайларға қойылатын талаптар жаңартылды. Атап айтқанда, оларда:

  • аэродромның жарамдылығы туралы қолданыстағы сертификат және шетелдік әуе компанияларына қызмет көрсететін персонал;
  • кедендік бақылаудан өтуге арналған қос дәліз жүйесі («қызыл» және «жасыл») бар аэровокзал;
  • «ұшу» және «қону» аймақтары, сондай-ақ декларация рәсімдеуге арналған бөлмелер;
  • кемінде екі тексеру орны мен паспорттық бақылау кабиналары;
  • тыйым салынған заттар мен заттектерді анықтайтын жабдықтар болуы тиіс.

Ірі авиациялық хабтар үшін қосымша талаптар қарастырылған. Олардың қатарында транзиттік жолаушыларға арналған орынжайлар, жүк пен багаж қоймалары, депортацияланған және ұсталған адамдарға арналған оқшаулағыштар, сондай-ақ шекара, кеден және өзге де қызметтердің жұмыс кабинеттері болуы қажет.

Құжатта әуежайдағы барлық қызметтердің өзара іс-қимыл тәртібі, жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік құралдарының болуы және санитарлық бақылауға жағдай жасау талаптары да көрсетілген.

Оқи отырыңыз: Ашық әрі икемді жүйеге көшеміз - Аида Балаева көші-қон саясаты туралы

Новости партнеров