Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің аты белгілі болды

Арнайы комиссия ең танымал 100 атауды қарап, «Балқашқа» тоқталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандағы алғашқы АЭС «Балқаш» деп аталатын болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің мәліметінше, елдегі алғашқы атом электр стансасына үздік атау беру бойынша жалпы халықтық конкурсқа 16 жастан асқан 27 мыңнан астам адам қатысқан. Талапқа сай, әр қатысушы тек бір ғана атау ұсынған. Арнайы комиссия ең танымал 100 атауды қарап, «Балқашқа» тоқталған. Өйткені 882 азамат дәл осы нұсқаны ұсынған.

Айта кетейін, конкурс 25-қыркүйек пен 10-қазан аралығында eGov Mobile платформасында өтті.

«Таңдалған атау АЭС-тің географиялық тұрғыдан атаудың халықаралық тәжірибесіне де сәйкес келеді. «Балқаш» нұсқасын ұсынған қатысушылар бір ай ішінде eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы электрондық сертификатын алады. Агенттік барлық келіп түскен ұсыныстардың бірыңғай базасын құрды. Ол келесі атом обьектілерін атауларын таңдауға қолданылады», – деді ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Әсет Махамбетов.

Оқи отырыңыз: Алматыда бағдаршам фазасын реттеу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Новости партнеров