Қазақстанның сұлулық нарығының табысы 127 млрд теңгеге жетті

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Көрсетілген қызметтердің ең көп үлесі шаштараз қызметтеріне тиесілі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өткен жылы Қазақстанда сұлулық саласында көрсетілген қызметтердің көлемі 127,3 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды  Almaty.tv.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, көрсетілген қызметтердің ең көп үлесі шаштараз қызметтеріне тиесілі - 67,5 млрд теңге. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5,3%-ға артық.

Маникюр мен педикюрді қоса алғанда, косметикалық қызметтердің көлемі 7,5 млрд теңгені құрады.

Сұлулық салондары көрсететін өзге де қызметтердің көлемі 52,3 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде адамның өңделмеген шашына қатысты қызметтер де бар.

Сұлулық саласының дамуы қалалармен қатар ауылдық жерлерде де байқалады. 2025 жылы ауылдардағы шаштараз қызметтерінің көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 4,2%-ға өсіп, 34,3 млрд теңгеге жетті.

Сонымен қатар, ауылдық жерлерде сұлулық салондарының өзге де қызметтерінің көлемі 1,9 млрд теңгені, ал косметологиялық қызметтердің көлемі 814,9 млн теңгені құрады.

Оқи отырыңыз: Қоғамдық орындарда сақ болыңыз: қалта ұрлығынан қалай қорғануға болады