Қолайсыз ауа райы: Ішкі істер министрлігі азаматтарға үндеу жасады

Almaty.tv
Almaty.tv

Министрлік қауіпсіздік үшін аса қажеттілік болмаса, үйден шықпауды ескертті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ішкі істер министрлігі ауа райына байланысты азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

ІІМ қауіпсіздік үшін аса қажеттілік болмаса, үйден шықпауды, алыс сапарларды кейінге қалдыруды, жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, қауіпсіз жылдамдықты таңдап, маневрлерден аулақ болуды, көлік құралдары арасындағы арақашықтықты сақтауды ескертті.

"Қолайсыз ауа райы жолдарда және қоғамдық орындарда қауіп-қатерді арттырады. Біз азаматтарды жауапкершілік танытып, қауіпсіздік шараларын сақтауға және төтенше қызметтердің ресми хабарламаларын қадағалап отыруға шақырамыз", - деп атап өтті ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Актоты Боранова. 

Ақпарат көзі Polisia.kz

Оқи отырыңыз: Жол апатынан көлікті қалай сақтандырған дұрыс

Новости партнеров