Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
Қарашада 9 демалыс күні бар
2026 жылғы қарашада Қазақстанда мемлекеттік мерекелер жоқ. Сондықтан бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтар сенбі және жексенбі күндері ғана демалады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл айда барлығы 9 демалыс күні бар.
Сонымен қатар қарашада кәсіби және басқа да атаулы күндер атап өтіледі. Олар жұмыс немесе демалыс күніне сәйкес келгеніне қарамастан, осы салада еңбек ететін мамандарға құрмет көрсетіліп, құттықтаулар айтылады.
Кәсіби мерекелердің тізімі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығына сәйкес бекітілген. Құжат алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілген.
Қарашадағы кәсіби мерекелер:
- 5 қараша – Сыртқы барлау күні;
- 8 қараша – Статистика күні;
- 10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күні;
- 15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстанның қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі;
- 21 қараша – Бұрғылаушылар күні (қарашаның үшінші сенбісі);
- 15 қараша – Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні (қарашаның үшінші жексенбісі).
Бұдан бөлек, қарашада БҰҰ аясында атап өтілетін бірнеше халықаралық күн бар. Оларды қазақстандықтар да атап өте алады.
Қарашадағы халықаралық атаулы күндер:
- 2 қараша – Журналистерге қарсы қылмыстар үшін жазасыздықты тоқтатудың халықаралық күні;
- 4 қараша – Дүниежүзілік ЮНЕСКО күні;
- 5 қараша – Цунами қаупі туралы ақпарат тарату жөніндегі дүниежүзілік күн, Халықаралық қамқоршылар күні және Роман тілінің дүниежүзілік күні;
- 6 қараша – Соғыс пен қарулы қақтығыстар кезінде қоршаған ортаны пайдаланудың алдын алудың халықаралық күні;
- 10 қараша – Дүниежүзілік ғылым күні;
- 12 қараша – Дүниежүзілік пневмониямен күрес күні;
- 14 қараша – Дүниежүзілік сапа күні, Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні және Мәдени құндылықтардың заңсыз айналымына қарсы күрестің халықаралық күні;
- 15 қараша – Сегіз миллиард адам күні;
- 16 қараша – Халықаралық толеранттылық күні және Дүниежүзілік мұраның халықаралық күні;
- 17 қараша – Жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алудың дүниежүзілік күні;
- 18 қараша – Ислам өнерінің халықаралық күні;
- 19 қараша – Дүниежүзілік дәретхана күні және Балаларға қатыгездік көрсету мен оларға қамқорлықтың болмауының алдын алудың дүниежүзілік күні;
- 20 қараша – Дүниежүзілік балалар күні және Африканы индустрияландыру күні;
- 21 қараша – Дүниежүзілік телевидение күні және Халықаралық философия күні;
- 25 қараша – Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні. Осы күні «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы да басталады;
- 29 қараша – Палестина халқымен ынтымақтастықтың халықаралық күні және Халықаралық ягуар күні;
- 30 қараша – Химиялық соғыс құрбандарын еске алу күні.
Оқи отыыңыз: Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік