Көктайғақ, боран: алдағы күндері ауа райы қандай болады

ЖИ көмегімен жасалған
ЖИ көмегімен жасалған

Қазақстан бойынша 2026 жылғы 10-12 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде батыс циклоны мен атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

10-11 ақпанда солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта, 11 ақпанда шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.

Республика бойынша көктайғақ, боран, желдің күшеюі күтіледі.

Тек кезең соңында батыс антициклоны сілемінің ықпалымен жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Атап айтқанда, солтүстікте, солтүстік-батыста және орталықта түнде ауа температурасы 22-30 градус аязға дейін, күндіз 15-20 градус аязға дейін төмендейді.

Шығыста түнде 13-23 градус аяз, күндіз 12-20 градус аяз болады.

Оңтүстікте түнде 10-20 градус аяз, күндіз 5 градус аяздан 5 градус жылуға дейін күтіледі.

Оқи отырыңыз: Алматыда 9-15 ақпан аралығында ауа райы қандай болады

Новости партнеров