Апаттан ажал құшқан екі адамның отбасына әкімдік тарапынан көмек көрсетіледі
Атырау облысына қарасты Құлсары қаласындағы жойқын жарылыстан зардап шеккен науқастардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар дәрігерлердің бақылауында. Ал апаттан ажал құшқан екі адамның отбасына әкімдік тарапынан көмек көрсетіледі.
Естеріңізге салайық, 30 мамырда Құлсарыдағы газ құю бекеттерінің бірінде жарылыс болып, 14 адам зардап шеккен. Екі адам оқиға орнында жан тапсырған. Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«10 науқасқа стационарлық ем тағайындап, бақылау жұмысы жүргізілді. Қазіргі таңда 5 науқас стационарлық ем қабылдап жатыр, 3 науқасты облыстан келген мамандармен бірлесе отырып, тасымалдау жүзеге асты. Іште жатқан науқастардың денесін 22 пайыз, ең төменгісі 5 пайыз күйік шалған. Науқастардың денсаулықғына еш қауіп жоқ», – деді Жылыой аудандық ауруханасының дәрігері Асулан Әбдірахманов.
Оқи отырыңыз: Құлсарыдағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы туралы айтылды