Құтқарушылар жанып жатқан автобустан 34 адамды алып шықты
стоп кадр
Оның ішінде – 9 бала және 5 ересек Өзбекстан азаматтары
Жаңалықтармен бөлісіңіз
4 маусымда Қарағанды облысы Абай ауданындағы "Астана - Қарағанды - Алматы" автожолының 960-шақырымында "Астана – Шымкент" бойынша бағыт алған жолаушылар автобусының моторынан өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жедел әрекет етіп, жолаушылар дер кезінде эвакуацияланды. Олардың барлығы жақын маңдағы кемпингке жеткізілді. Жолаушыларға қажетті көмек көрсетілді.
Автобус салонында 34 жолаушы болған. Оның ішінде – 9 бала және 5 ересек Өзбекстан азаматтары. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір автобус техникалық тұрғыдан тексеріліп жатыр.
Оқи отырыңыз: Қызылордада мектеп оқушысының денесі табылды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
08.11.2026 12:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
08.11.2026 09:21
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
08.11.2026 12:39
Терезедегі қауіпсіздік: ата-аналар назар аударуы тиіс бес жайт
08.11.2026 09:54