Мал шаруашылығын дамыту: 5-6% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие берілуі мүмкін

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Аталған жоспар аясында бірқатар нақты іс-шараны іске асыру көзделген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту жөнінде кешенді жоспар әзірлеу жұмыстары басталды. Ғалымдар, салалық қауымдастықтар, бизнес, жергілікті атқарушы органдар мен Парламент депутаттары кіретін жеке жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Аталған жоспар аясында бірқатар нақты іс-шараны іске асыру көзделген. Біріншіден, мал шаруашылығының барлық бағыты бойынша айналым қаражатын толықтыру үшін 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске қосылады. Асыл тұқымды малдың түр-түрін сатып алуға 6% мөлшерлемемен ұзақ мерзімді несие беру бағдарламасы жүзеге асырылады», – деп түсіндірді спикер.

Елдегі игерілмеген жайылым алқаптарының әлеуетін тиімді пайдалану үшін, әсіресе, Қостанай және Ұлытау облыстарында, 6% мөлшерлемемен бірегей кредиттік өнім іске қосылып, қашықтағы жайылымдық мал шаруашылығын дамытуға бағытталады.

Сонымен қатар қолдан ұрықтандыру технологиясы енгізіліп, жүн мен теріні қабылдайтын сервистік-әзірлеу орталықтарының жұмысына жағдай жасалады. Оларға айналым қаражаты ретінде жылдық 5% мөлшерлемемен қаржы бөлінеді және саланы кадрлармен қамтамасыз ету шаралары пысықталады.

Оқи отырыңыз: Қазақстандағы жекеменшік мектептерге 19 млрд теңге бөлінді

Новости партнеров