Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Оқиға Бейнеу ауданында болған. Ер адам Бейнеу аулындағы полиция бөлімінің бақылау-өткізу пунктінде өз-өзін өртеуге әрекет жасаған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары патрульдік бақылау кезінде жол ережесін бұзған көлікті тоқтатып, жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Алайда кейін көлік жүргізуші полиция бөлімінің бақылау-өткізу пунктіне өзі келіп, қызметкерлердің заңды әрекетіне наразылық білдірген.
- Бақылау пунктінде ол өзіне сұйықтық құйып, өзін-өзі өртеуге тырысты. Құқық қорғау органы қызметкерлері бұл әрекетін уақытылы тоқтатты. Ер адам медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Биыл қанша қазақстандық жұмыс орнында зардап шекті