Алматы прокуратурасы жолдардағы тәртіпті күшейтуді жалғастыруда
Depositphotos
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Тәулік ішінде 1,8 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі: Алматы прокуратурасы жаңа статистиканы ұсынды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында өткен тәулікте Алматы қаласының аумағында 1 835 Жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегі анықталды.
Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, оның 187-сі — өрескел заңбұзушылықтар, олар жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірген.
Анықталған негізгі эереже бұзушылықтар:
- Көлікті мас күйінде басқару — 8;
- Көлік жүргізу құқығынан айырылған тұлғаның рөлге отыруы — 3;
- Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерімен көлік жүргізу — 2;
- Манёвр жасау ережелерін бұзу (оның ішінде «шашки» түріндегі қауіпті манёврлер) — 84;
- Көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдалану — 33;
- Қарсы бағыттағы жолаққа шығып кету — 10;
- Қауіпсіздік белдігін тақпау — 47.
Сонымен қатар, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 11 көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13