Референдумға дейін:
14
күн
19
сағат
51
минут

Оралда синтетикалық есірткі таратқан күдікті ұсталды

polisia.kz
polisia.kz

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оралда синтетикалық есірткі таратқан 19 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктіні тінту кезінде 22 зип-пакетке оралған ақ ұнтақ тәрізді затты тапқан. Пакеттер фольгаға оралған. Сондай-ақ полицейлер жақын маңдағы аумақты тексеру барысында үш түрлі жасырын орыннан тағы 3 пакет тапты.

Сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат синтетикалық есірткі санатына жататын альфа-PVP екені анықталды. Жалпы салмағы — 14,97 грамм.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Оның барысында тыйым салынған заттың жеткізілу арналары мен өзге де қатысы бар тұлғалар анықталады. 

Оқи отырыңыз: Алматыда «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша көше тазалаудың жаңа форматы енгізіледі

 

Новости партнеров