Оралда заңсыз микрокаржылық қызмет жүргізген компания тергеліп жатыр
Аlmaty.tv
Қылмыстық жолмен алынған табыс көлемі 128 млн теңгеден асқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Орал қаласында заңсыз микрокаржылық қызмет жүргізу фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тергеу мәліметтері бойынша, «Аванс 07» ЖШС-нің басшысы тиісті лицензиясыз азаматтарға зергерлік бұйымдарды кепілге алып, ақша беруді ұйымдастырған.
"Аталған қызмет «Уральск Золото» атты комиссиондық дүкеннің жұмысы ретінде көрсетіліп, жасырын түрде жүргізілген. Қарыздар комиссия шарттары арқылы рәсімделген, ал пайыздық төлемдер зергерлік бұйымдарды сақтау қызметінің ақысы ретінде көрсетілген", - делінген агенттік хабарламасында.
Осы заңсыз қызметтің нәтижесінде 2 мыңнан астам қарыз берілген. Қылмыстық жолмен алынған табыс көлемі 128 млн теңгеден асты.
Сот санкциясымен күдіктінің автокөлігі мен 6 млн теңге көлеміндегі қолма-қол ақшаға тыйым салынды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз: Наурызнама онкүндігі: бүгін – Ұлттық киім күні
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
05.09.2026 14:47
Өзіңізге сый жасап үйреніңіз: 5 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал
05.09.2026 12:03
Дәрігерлер шайды қашан ішу керек екенін айтты
06.09.2026 12:42
5 қыркүйекте Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
05.09.2026 10:20
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
06.09.2026 15:56