Өзгенің қаңсығын өзімізге таңсық етудің қажеті жоқ - Бағила Балтабаева

Оның айтуынша, бір жыныстылардың «махаббатын» насихаттау тұтас ұлтымыздың тағдырына балта шабумен тең

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Өзгенің қаңсығын өзімізге таңсық етудің қажеті жоқ».Бұл – Almaty.tv тілшісіне сұқбат берген қоғам белсендісі, «ЛГБТ насихатына қарсы петиция» авторы Бағила Балтабаеваның пікірі.

Оның айтуынша, бір жыныстылардың «махаббатын» насихаттау тұтас ұлтымыздың тағдырына балта шабумен тең. Ол тек біздің қоғам емес, бүкіл адамзат үшін қауіпті үрдіс бала туу көрсеткішінің азаюына себеп болып, демографиялық өсімді тоқтатады дегенді алға тартты.

«Қоғам белсендісі, ана ретінде қарсы шығу себебім – біз өмірден өтеміз. Бірақ артымызда өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа не қалдырамыз? Сондықтан  ұрпақты жамандықтан, азғындықтан сақтау әрекетін жасап жатырмыз», – деді қоғам белсендісі, петиция авторы Бағила Балтабаева.

Еске салайық, екі апта бұрын мәжіліс депутаттары ЛГБТ насихатына қарсы заңды мақұлдаған. Құжатқа сәйкес, онлайн платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдарында мұндай мазмұндағы ақпаратты таратуға болмайды. Сонымен қатар фильмдер, мультфильмдер мен кітаптарда бір жыныстылықты көрсету де заңсыз деп танылады. Осы бір сеңнің қозғалуына себеп болған Бағила Балтабаеваның сөзінше, бұл нормалар балаларды қажетсіз ақпараттан қорғауға мүмкіндік береді.

 «Бала құқығын қорғайтын заңда «мемлекеттің міндеті –балаларымызды азғындық, жаман ақпараттан сақтау» деген бап бар. Яғни бұрыннан бар заң, сол заңды күшейтіп, аясын кеңейтті», – деді қоғам белсендісі, петиция авторы Бағила Балтабаева.

Оқи отырыңыз: Самокатты жалға беру шарттарына өзгеріс енгізілбек

Новости партнеров