Петропавлда су деңгейі сағат сайын көтеріліп жатыр

Көрнекі фото: Аlmaty.tv
Көрнекі фото: Аlmaty.tv

Сергеев су қоймасында су деңгейі бір тәулік ішінде 96 см-ге көтеріліп кеткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

СҚО-да су тасқынының үшінші толқыны жүріп жатыр. Сергеев қоймасындағы су ернеуінен 215 см-ге асқан. Петропавлда да су деңгейі сағат сайын өзгеруде, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап.

«Қазгидромет» мамандары әрбір төрт сағат сайын мониторинг жүргізуде.

«Өңірдегі басты гидронысан Сергеев су қоймасында су деңгейі бір тәулік ішінде 96 см-ге көтеріліп, су ернеуінен 215 см-ге асқан. Петропавл су торабында да жағдай сағат сайын өзгеріп жатыр. Мұнда қауіпті меже 960 см. Бірақ су деңгейі қазірдің өзінде 1058 см-ді көрсеткен.», - делінген хабарламада.

Ал мамандар су тасқынының үшінші толқыны облыс орталығына тек алдағы демалыс күндері келеді деп болжап отыр. Яғни, сол кезде Заречный кентін су басу қаупі бар.

Сондай-ақ Ғ. Мүсірепов ауданы Шөптікөл ауылы маңында Есіл өзенінің деңгейі 228 см-ге көтерілген.

Есіл ауданы Покровка ауылының маңында да жағдай мәз емес. Мұнда су арнасынан асып, жайылмаға шығып кеткен.

Оқи отырыңыз: Павлодарда саябақтан әйел адамның мәйіті табылды

Новости партнеров