Петропавлда терезеден құлаған 5 жастағы бала ауруханада жатыр

Бұл – биыл Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген оныншы жағдай

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Петропавлда бес жастағы бала жоғарыдан құлап, опат бола жаздады. Оқиға қонақ үйде болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүлдіршін қазір дәрігерлердің бақылауында. Оған бас-ми жарақаты диагнозы қойылған. Одан бөлек денесінің бірнеше жерінен соққы алған. Құқық қорғау органдары қазір жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр. Баланың ашық терезеге қалай барғаны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, бұл – биыл Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген оныншы жағдай.

«Балаға бас-ми жарақаты диагнозы қойылды. Сонымен қатар оң жақ жамбасынан, балтырынан және табанынан соғылған жарақаттар мен гематомалар бар. Қазір бала төсек режимін сақтауда. Ем-домды бекітілген хаттамаға сәйкес алып жатыр. Әзірге хирургиялық араласу қажет болған жоқ. Алайда жағдайына байланысты қажеттілік туындаса, тиісті ота жасалады», – деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Қалиева.

Оқи отырыңыз: Астанада ұшақ бортында жанжал шығарған мас жолаушы 10 тәулікке қамалды