Алматы облысында тергеу изоляторынан қашып кеткен ер адамға іздеу жарияланды

 Ол зорлық жасады деген айыппен қамалған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кісен ашқан, түрмеден қашқан. Алматы облысында тергеу изоляторынан қашып кеткен ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Ол зорлық жасады деген айыппен қамалған. Полицейлер кешелі-бері жолдарға блокбекет орнатып, ары-бері өткен көліктерді тінтіп жатыр. Қамауда отырған азамат 1998 жылы туған. Оның қашып шығуына қатысты да қызметтік тексеріс басталды. Күдіктіден көз жазып қалған полицейлер  көрген-білгені болса, 102-ге айтуын өтініп отыр.

"Қашқынды іздеп, тауып, ұстау үшін барлық күш пен құрал жұмылдырылды. Сонымен қатар қашу жағдайын анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізілуде. Жағдай облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында", – деді  Полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Оқи отырыңыз: СҚО-да 2 жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты

 

 

 

Новости партнеров