Полицейлер интимдік қызмет көрсеткен притонды анықтады

Заңсыз кәсіп түнгі рейд кезінде әшкере болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда интимдік қызмет көрсеткен притон анықталды. Полиция қызметкерлері заңсыз кәсіпті жерасты нысандарына жүргізілген түнгі рейд кезінде әшкере етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Тәртіп сақшылары жеңіл жүрісті бірнеше әйел мен жеңгетайлық жасап, заңға қайшы бизнесті ұйымдастырған күдіктіні ұстады. Мән-жайды анықтау үшін барлығы полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Айта кетейік, құзырлы орган өкілдерінің мәліметінше, жыл басынан бері тұрғын үйін осындай мақсатта жалға берген 500-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.  

«Жеке тұлғаларға 100 АЕК-тен асатын, ал пәтер иелеріне 200 АЕК-тен жоғары айыппұл салынады. Сонымен қатар полиция қызметкерлері аталған құқықбұзушылықтардың алдын алу және оны болдырмау мақсатында арнайы ұсыныстар әзірлейтін болады», — деді Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізов.

Сондай-ақ жыл басынан бері түрлі темекі бұйымын тұтыну бойынша заңнаманы бұзған 5,5 мыңнан астам азамат айыппұл арқалапты.

Еске салайық, 2013 жылдың 14 наурызынан бастап қоғамдық орындарда қорқор шегуге тыйым салынған еді. Алайда тәртіп сақшылары «заңды елемейтін азамат көп» дейді. Полицияның мәліметінше, мұндай заңбұзушылық үшін айыппұл 15 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Ал жағдай қайталанса, 20 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейеді екен. Одан бөлек, мекеме иелеріне 20-дан 60 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.  

Оқи отырыңыз: Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырған 9 адамға үкім шықты

Новости партнеров