Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Ақорда
Ақорда

Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-ден басталады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Almaty.tv 

Іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкіметтің және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады.

Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Оқи отырыңыз: Елімізде сот ісін жүргізу мен цифрландыру барысы баяндалды