Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін Қаржылық мониторинг агенттігінің бір топ қызметкерін мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент ҚМА қызметкерлеріне қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін төмендегідей наградалар табыстады.
Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:
- Байшолақов Азамат Қанатұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының кеңесшісі;
- Есенов Ерік Өмірбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы;
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен:
- Ержанұлы Ертілек – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел уәкілі (анықтаушысы);
- Жаналиев Нұрбол Арысланбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аға тергеушісі;
- Өмірбеков Ержан Малғаждарұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басқарма басшысының орынбасары;
- Ысқақов Мұстафа Шорманұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі уәкілі (анықтаушысы).
«Ерен еңбегі үшін» медалімен:
- Ағжанбаева Әлия Серікқызы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Тәуекелдерді бағалау ұлттық орталығының басшысы.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Оқи отырыңыз: Елімізде жаңа қоғамдық-саяси жүйе қалыптасады – Президент реформаның маңызы туралы айтты