Президент ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Ақорда
Ақорда

Кездесу соңында Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік органы қызметінің бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады,деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақордаға сілтеме жасап

Президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған қызметінің негізгі нәтижелері баяндалып, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа терроризммен, экстремизммен, есірткі бизнесімен және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес аясындағы қолға алынған шаралар жөнінде есеп берілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ кибер және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік органы қызметінің бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

Оқи отырыңыз: Президент Үкіметке мемлекеттік компаниялардағы жемқорлықты азайту жөнінде ұсыныс беруді тапсырды