Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізді

Ақорда
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерді тойтарудың маңызын атап өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне барып, жедел-техникалық бөлімшелердің жұмысымен танысты.

Мемлекет басшысына киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, жасанды интеллект технологияларын пайдалану мүмкіндіктері, үкіметтік және қызметтік байланысты дамыту жобалары көрсетілді.

«Қасым-Жомарт Тоқаев баяндамаларды тыңдап, ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерді тойтару және еліміздің маңызды инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасаудың маңызын атап өтті», - делінген хабарламада.

Жиын соңында Президент аталған бағыттағы іс-қимылды жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі аула мен көше жарығын жаңғырту қарқынын арттыруды тапсырды

Новости партнеров