Қарасай ауданының прокуроры Жәнібек Жакаев ақпаратты растады
Облыс прокуратурасының тапсырмасы негізінде Қарасай ауданы әкімі аппаратының қызметіне қатысты тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Kazinform сауалына жауап берген Қарасай ауданының прокуроры Жәнібек Жакаев ақпаратты растады.
"Тексеру жер қатынастары саласында заңдылықтың сақталу мәселесі бойынша жүргізілуде және аталған тексеруге облыс прокуратурасының тапсырмасы негіз болды. Осы ретте Қарасай ауданы әкімінің аппаратына қатысты тексерудің аяқталмауына байланысты, анықталған заң бұзушылықтар бойынша алдын ала ақпаратты ұсыну мүмкін емес", - делінген Жәнібек Жакаев жауабында.
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Қарасай ауданының әкімдігіне қатысты тексеру басталғанын айтқанын еске салайық.