Сатпайды, тек сыйлыққа береді: сүйектен кәдесыйлар жасайтын шебер жұртты тәнті етті

pavlodarnews.kz
pavlodarnews.kz

Есенкелді Бакеевтің ұстаз болып еңбек етіп жүргеніне 20 жылдан асқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Есенкелді Бакеев Қ. Кемеңгеров атындағы жалпы орта мектебінде көркем еңбек пәні мұғалімі болып жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.  

Шебердің сүйек өңдеумен айналысқанына біраз уақыт болған. Шикізат ретінде үй жануарлары сүйегін қолданады. 

– Ол үшін сүйекті алдын ала дайындау керек, бірінші сүйекті суын ауыстырамын. Бірнеше рет қайталап қайнатып аламыз. Қайнатқан сайын сүйектен майы шығып ағарады. Ағарту үшін ас содасын қосып қайнатады. Ағарған сүйекті өңдеуге және бояуға қолайлы, – дейді ол. 

Қолөнерші ауылдық жерде тұратындықтан, шикізат тапшылығы болмайтынын айтады. Әсіресе күзде, қыста соғым кезінде сүйек жинап алу қиындық туғызбайды. Жауырын, мүйіз, жілік сүйектерімен қатар, сиыр қой және ешкінің мүйіздерін де пайдаланады.

– Айта кетерлігі, семіз малдың сүйегі өңдеуге тиімді, арық малдың сүйегі аппақ болғанымен шыны сияқты шытынауық келеді. Оны өңдеу кезінде әлсін-әлсін су құйып отыру қажет. Сүйек өңдеу – хоббиім. Бұл іс өзіме ұнайды, сондықтан еш қиындық жоқ деп есептеймін, – дейді ауыл тұрғыны. 

Шебер сүйектен жасалған бұйымдарды саудаға шығармайды, тек сыйлық ретінде ұсынады. Көбінесе құстардың, балықтардың, жануарлардың мүсінін жасайды. Өткен жылы шәкірті Ердәулет Қабыл облыстық «Алтын қазына» көрме байқауында бірінші орынды жеңіп алған.

Есенкелді Бакеевтің ұстаз болып еңбек етіп жүргеніне 20 жылдан асқан. Сүйек өңдеумен айналыса бастағанына он жылдай болған. 

Оқи отырыңыз: Күтпеген шығыннан сақ болыңыз: 14 желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал

Новости партнеров