Жаңа Ата заңға сәйкес Парламенттің өкілеттігі тоқтатылады

Бұл туралы Мәулен Әшімбаев ресми түрде мәлімдеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сенаттың 30 жылдық қызметіндегі соңғы отырысы өтті. Бұл туралы Мәулен Әшімбаев ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Палата спикерінің айтуынша, қос палаталы парламенттік жүйе өз миссиясын абыроймен аяқтады. Ал Парламент сессиясы ертең Президенттің қатысуымен өтетін бірлескен отырыстан кейін жабылады.

Айта кетейік, Қазақстан Парламентінің жоғарғы палатасы 1995 жылы құрылған болатын. Осы уақыт аралығында Сенат 890 пленарлық отырыс өткізіп, 3 жарым мыңнан астам заң жобасын қабылдап, елдің заң шығару жүйесінің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты. 

«Қазақстан Парламенті Сенатының 30 жылдық тарихындағы соңғы отырысы өтті. Ертең Палаталардың бірлескен отырысында кезекті сессиямыз ресми түрде жабылады. 1 шілдеден бастап халқымыздың кең қолдауын тапқан жаңа Ата заңымызға сәйкес Парламенттің өкілеттігі тоқтатылады», – деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Оқи отырыңыз: Құрылтайға жаңа адамдар келуі керек — Мәулен Әшімбаев