Оның үйін тінту кезінде жалпы салмағы 20 келіден асатын марихуана тәркіленді
Шығыс Қазақстан облысында полицейлер 20 келіден астам есірткіні тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Қарасора» жедел алдын алу шарасы аясында полицейлер есірткі жеткізу арнасын анықтады.
"Соның барысында өңірдің 34 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол ірі көлемдегі есірткіні басқа қаладан жеткізгені белгілі болды", - делінген ақпаратта.
Оның үйін тінту кезінде жалпы салмағы 20 келіден асатын марихуана тәркіленді. Анықталғандай, «тауар» әрі қарай байланыссыз жолмен сатуға арналған.
"Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Еліміздің бірнеше облысында төтенше ауа райы құбылыстары болжануда