Шөп шабу науқаны: Маңғыстауда шаруалар қыстың қамына кірісті

Биыл Маңғыстау ауданы аумағында шөп шабуға 15 бригададан өтініш түскен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстауда шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр. Шаруалар 30 мың гектар аумақты өзара бөліп алып, қыстың қамына кіріскен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Биыл Маңғыстау ауданы аумағында шөп шабуға 15 бригададан өтініш түскен. Былтыр осы жұмысты 12 шаруашылық атқарып, 70 мың түк шөп жинаған. Бұл жолы 2 мың тоннадай яғни, 80 мың түк шөп жинау жоспарланып отыр. Қазір аудан орталығынан 150 шақырымдағы «қоскеліншек» деген жерде бір бригада жұмыс істеп жатыр. Олар күніне 200 түк шөп шабады. Бригаданың басшысы Сырымбет Мұхамбетәлінің қарамағында 3 адам жұмыс істейді. Ол шөп шабу үшін 2 мың гектар жерді алған. Бүгінге дейін 3 мың түк жинады. Шаруа өзі үшін де мал азығын жинап әрі, Тұщықұдық ауылының шаруаларына сатып, табыс тауып тұр. 

«Бұрыннан әкем айналысады бұл кәсіппен, қолға алдық.. Пайда жақсы, бәрі еңбекпен келеді. Биыл мал азығын мол. Шаруа қожалықтары ауылдан келіп, алып кетіп жатыр», – деді шаруа қожалығының өкілі Сырымбет Мұхамбетәлі.

Ауданда шөп шабумен айналысатын бригадаларға ортақ баға бекітілген. 25 келілік бір түк шөп орталыққа жеткізілсе, 800 теңге. Шөп шауып жатқан жерден алса, 600 теңгеден сатылады. Науқан қазан айына дейін жалғасады. Бүгінде Маңғыстау ауданында 500 ден астам шаруа қожалығы мен 200 мыңнан астам төрт түлік тіркелген. Бұл облыстағы мал басының 45 пайызы.

«Биыл жауын-шашынның көп болуына байланысты жер де, шөп те жақсы шығып жатыр. Қазір 30 мыңдай гектар жерге өтінім түсті, – деді Маңғыстау аудандық Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Рақымжан Сүлейменов

Облыста шаруаларға төрт-түліктің аналық басының азығына жұмсалатын шығын құнын арзандатуға арналған субсидия беріледі. Бүгінде мемлекеттік қолдауды алуға мыңнан астам өтініш түскен. Мал азығының субсидиясына өтінім қабылдау 20 желтоқсанға дейін жалғасатынын айта кетейік.

Жасұлан Мұқан, Мұқағали Нұрдәулет, Маңғыстау облысынан

Оқи отырыңыз: Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды

Новости партнеров