Биыл үшінші мегаполисте 25 адам тамақтан ұшынған
Оңтүстікте 17 адам балмұздақ жеп, уланды. Белгілі болғандай, барлығы тәттіні бір жерден сатып алған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Істің мән-жайын анықтау барысында сауда орнында жұмыс істейтін қызметкердің медициналық тексерістен өтпей өнім дайындағаны белгілі болды. Соның салдарынан, өзі бактерия тасымалдаушы болып, бірнеше адамға зиян келтірген. Қазір балмұздақ сататын орын уақытша жабылды. Десе де қалада осындай тағы 98 дүкен бар екенін еске саламыз.
Ал жауаптылар оларды тек шағым түскенде тексере алатынын айтты.
Айта кетейік, биыл үшінші мегаполисте 25 адам тамақтан ұшынған.
«Сауда нысандары, көбіне дүңгіршектер, қоғамдық тамақтану нысандары, егер 50 орыннан төмен болса, хабарлама береді. Ал хабарлама бергеннен кейін олар тексеруден босатылады», – деді Тамақтану объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Әсем Дәулетова.
Оқи отырыңыз: Алматыда алимент берешегі 1,5 млрд теңгеден асты