Шымкентте 500 адам жүргізуші куәлігін заңсыз сатып алған

why kei/unsplash.com/
why kei/unsplash.com/

Тергеу барысында күдіктілердің 200 миллион теңгеден астам мүлкіне тыйым салынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаржы мониторингі агенттігі мен прокуратураның бірлескен тергеуі нәтижесінде кемінде 500 адам емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін алғаны анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

2023-2024 жылдары "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығы мен қызметкерлері жүргізуші куәліктерін пара арқылы рәсімдеуге жағдай жасаған. Мұндай қызмет құны 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін жеткен.

Ұйымдасқан қылмыстық топ кемінде 150 миллион теңге табыс тапқан.

Тергеу барысында күдіктілердің 200 миллион теңгеден астам мүлкіне тыйым салынды.

Қазір іс бойынша 15 адам айыпталушы ретінде танылып, материалдар сотқа жолданды.

Оқи отырыңыз: Әуежайда ұшақтан түтін шықты

Новости партнеров