Шымкентте сот шешіміне наразы экс-шенеунік әділдік іздеп жүр

Түркістан облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы апелляциялық шағым түсірді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте сот шешіміне наразы экс-шенеунік әділдік іздеп жүр. Нақтырақ айтсақ, осыдан үш ай бұрын сотталған Түркістан облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол 67 млн теңгені «алаяқтық жолмен» алып, мектеп салған деп айыпталған. Сотта оның кінәсі дәлелденіп, 7 жыл 6 айға түрмеге жабылған. Алайда Ғалымжан Жұмашев бұл үкіммен келіспей, өзін ақтауды сұрап отыр. 

«5 желтоқсанда маған бердік» дейді. Ал ол күні мен Шымкентте болған жоқпын. Осыны мен сотта дәлелдей алмай жатырмын. Телефоным, актив арқылы қайда болғанымды көріңдер. «Пәлен жылы ақша бергем» деп саусақпен көрсетсе, адамды қамай беруге болады екен», – деді сотталушы Ғалымжан Жұмашев.

Еске салсақ, сотталушы үкім шыққан кезде-ақ бұл шешіммен келіспейтінін ашық жеткізген. Ол тіпті қолына «Қазақстан азаматтығынан бас тартамын!» деген жазуы бар қағазды ұстап, наразылық білдірген. Қайта қарау процесі әлі де жалғасады. Соңғы шешім әзірге беймәлім.

Оқи отырыңыз: Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы кітапхана ашылды

Новости партнеров