Сыбайлас жемқорлыққа қарсы болашақ: Алматыда сурет байқауы өтті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің өкілдері ұйымдастырған іс-шараға 500-ден аса оқушы қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы болашақ!» Алматыда дәл осындай атаумен сурет байқауы өтіп, жеңімпаздар марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің өкілдері ұйымдастырған іс-шараға 500-ден аса оқушы қатысты. Жас суретшілер сыбайлас жемқорлық мәселесіне деген көзқарасын сурет арқылы бейнелеп, адалдық пен әділдік идеясын қылқаламмен жеткізді. Жоба «Адал ұрпақ» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасы аясында іске асты. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай байқаулар жауапты әрі рухани тұрғыдан шыңдалған жас ұрпақты тәрбиелеуге септігін тигізеді.

«15 номинация бойынша 15 жеңімпаз марапатталды. Олар 50 мың теңгелік ақшалай сертификатпен марапатталды. 17 оқушы ынталандыру сертифкаты ретінде 20 мың теңгеге ие болды. Осы шара жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру  ақылды-парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті күшейтеді», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің бас маманы Айдана Нұрмағамбетова.

Оқи отырыңыз: Жоқ студенттерді тіркеген: БҚО-да колледж директоры 49 миллион теңгеден астам бюджет қаржысын жымқырды

Новости партнеров