Тең мүмкіндіктер алаңы: Алматыда ерекше балалар мен ата-аналар бақ сынауда

Сайыс қорытындысы бойынша үздік шыққан ұжымдар арнайы кубоктармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда инклюзивті қоғам құндылықтарын дәріптеу мақсатында ерекше білім беруді қажет ететін 3–4 сынып оқушылары, олардың ата-аналары мен педагогтері арасында қалалық «Бірлік пен мүмкіндік» спорттық-интеллектуалдық байқауы басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Оқу-ағарту министрлігінің «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бұл іс-шараға барлық ауданнан келген командалар қатысып, спорттық эстафеталар, логикалық тапсырмалар мен танымдық ойындарда бақ сынап жатыр. Басты мақсаты – ерекше қажеттілігі бар балалардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал етіп, отбасы мен мектеп арасындағы серіктестікті нығайту, сондай-ақ қоғам назарын инклюзивті білім берудің маңыздылығына аудару. Сайыс қорытындысы бойынша үздік шыққан ұжымдар арнайы кубоктармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Сегіз ауданнан 3,4 сынып оқушыларының ішінен инклюзивті балалар, соның ата-аналары және ұстаздары спорттық, интеллектуалдық сайыстарға қатысады», – деді № 187 жалпы білім беретін мектептің директоры Риза Мырзаханова.

«Іс-шарамыз балалардың көңіл-күйін көтеру, жазғы демалыста қауіпсіз және өздерін басқа ортамен достасу, жазғы демалыс кезеңінде оқушыларымыздың интеллектуалдық, жаңағы өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында іс-шараларды ұйымдастырып жатырмыз», – деді Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Рита Жүсіпова.

Оқи отырыңыз: Алматыда есірткі жарнамасына қарсы ауқымды акция өтті

 

 

 

Новости партнеров