Түркістан облысында бір үйдің 7 адамы газдан уланып қалды

Зардап шеккендер дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, барлығы аман қалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында тағы да төтенше жағдай тіркеліп, бір үйдің 7 адамы газдан уланып қалды, деп хабарлайды, Almaty.tv.

Оның бесеуі бала. Оқиға Сарыағаш ауданында болған. Үйдегі пеш дұрыс жұмыс істемей, көмірқышқыл газы бөлмеге тарап кетіпті. Абырой болғанда, зардап шеккендер дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, барлығы аман қалды. Ал қауіпсіздік ережесіне салғырт қараған үй иесі айыппұл арқалады.

«Тұрғын үйде пештің дұрыс жұмыс жасамауы салдарынан, қатты отынның жану өнімдері толық жанбай, көмірқышқыл газы үй ішіне тарап, салдарынан 7 адам уланған. Тұрғын үйдің иесі өрт қауіпсіздігі қағидалары талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 410 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Жасұлан Айнабек.

Оқи отырыңыз: Балық аулап отырған үш жігіт оқ атқан күдіктіге ауыр жаза тағайындалды

Новости партнеров