Түркістан облысында су басқан аумақтан 80-ге жуық адам эвакуацияланды

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Барлық эвакуацияланған тұрғын тұрғылықты мекенжайларына жеткізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында 78 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Төлеби ауданына қарасты Екпінді ауылындағы Ақмешіт өзені арқылы өтетін екі өтпелі көпір қатты жауын-шашын салдарынан бұзылып, өзеннің арғы бетінде демалып жүрген азаматтар кері өте алмай қалған.

Оқиға орнына бірінші болып жеткен полиция қызметкерлері жағдайды жедел бақылауға алып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында шұғыл әрекет етті.

Жергілікті атқарушы органдар және төтенше жағдайлар қызметкерлерімен бірлесе отырып, арнайы техникалық құралдарды пайдаланып, эвакуациялық жұмыстарды ұйымдастырды.

"Полицейлердің үйлесімді әрі жедел іс-қимылының нәтижесінде өзеннің арғы бетінде қалған 78 азамат, оның ішінде 28 жасөспірім аман-есен бергі жағаға өткізілді", - делінген хабарламада.

Әсіресе учаскелік полиция инспекторлары ерекше жауапкершілік танытып, жасөспірімдерді өз қолдарымен тасымалдап, қауіпсіз жерге жеткізді.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Барлық эвакуацияланған тұрғын тұрғылықты мекенжайларына жеткізілді. Жедел ахуал полицияның толық бақылауында, жағдай тұрақты.

Оқи отырыңыз: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Новости партнеров