Түркістан облысында тауда қалып қойған жасөспірімдер құтқарылды

стоп кадр
стоп кадр

Құтқарушылар GPS координаттары арқылы балалардың орналасқан жерін анықтап, бағыт-бағдар беріп, оларды қауіпсіз жерге дейін алып түсті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында құтқару операциясы сәтті жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

13 жастағы екі жасөспірім таулы аймақпен серуендеп жүріп, адасып кеткен. Олар тік жартасты беткейде қалып қойғандықтан өз бетінше төмен түсе алмаған. Жасөспірімдердің бірімен байланыс тұрақсыз болғанына қарамастан, құтқарушылар оның тұрған жерін нақты анықтаған.

Аталған оқиға бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері кинологпен және заманауи техникалық құралдармен, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. Құтқарушылар GPS координаттары арқылы балалардың орналасқан жерін анықтап, бағыт-бағдар беріп, оларды қауіпсіз жерге дейін алып түсті.

"Оқиға салдарынан зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқару операциясы кәсіби әрі үйлесімді ұйымдастырылып, балалар ата-аналарына дін аман табысталды", — делінген Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

 Оқи отырыңыз: 1,3 млрд теңге жымқырған: науқас балаға қор ашқан ерлі-зайыптыға қатысты тергеу аяқталды

Новости партнеров