Түркістан облысындағы өртенген үй қалпына келтіріледі

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев аза тапқандардың отбасына көрсетіліп жатқан көмекке тоқталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысы Алғабас ауылындағы үйден шыққан өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Мұндай болжамды Сенат кулуарында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, қазір құқық қорғау және мемлекеттік органдар осы нұсқа бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Сондай-ақ ол қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көрсетіліп жатқан көмекке тоқталды.

«Әртүрлі, әртүрлі социалдық мәселе, психологиялық көмек, қаржылай мәселе. Сонан кейін ана үйді жаңадан қалпына келтіру, ремонттау, бәрі қолға алынып жатыр», – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев.

Оқи отырыңыз: Түркістан обьлысында өрттен аман қалған 39 жастағы ер адам Шымкентке жеткізілді

 

 

 

Новости партнеров