Түркістанда коммуналдық мекемелер тұрғындардан 387 млн теңгені заңсыз алған

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Мамандар тарифті көтермей, апатты жағдайдағы жүйелерді жаңарту мүмкін емес екенін ескертеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында коммуналдық мекемелер тұрғындардың қалтасын қағып келгені анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Былтыр монополистер заңсыз жолмен тұрғындардан 387 миллион теңгені өндіріп алған. Құзырлы органдар бұл қаржыны тарифтерді төмендету арқылы тұрғындарға қайтаруды талап етуде.

Айта кетейік, билік 2025 жылдың қазанынан бастап 2026 жылдың сәуіріне дейін баға өсімін уақытша тежеген. Алайда бұл шара ұзаққа созылмайды. Мәселенің түп-төркіні — инфрақұрылымның едәуір тозғанында жатыр. Соның салдарынан алдағы уақытта су мен кәріз тарифтері шамамен 20 пайызға қымбаттауы мүмкін.

Ал электр энергиясының бағасы қазірдің өзінде 14 пайызға өскен.

Мамандар тарифті көтермей, апатты жағдайдағы жүйелерді жаңарту мүмкін емес екенін ескертеді.

"Инфрақұрылымның тозуы жоғары деңгейде: жылу желілерінің 52 пайызы, электр энергетикасының 56,8 пайызы, сумен жабдықтаудың 39 пайызы және кәріз жүйелерінің 56 пайызы апатты жағдайда. Бұл жағдай апаттардың жиілеуіне, қызмет сапасының төмендеуіне және қосымша шығындардың көбеюіне әкеліп отыр", - деді Түркістан облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшысы Ақтілеу Бекмұратов.

Оқи отырыңыз: Полициядан қашып, ауласына жасырынған: Атырауда жас жігіт 10 тәулікке қамалды

Новости партнеров