ТЖМ құтқарушылары Жаңа жыл түні қалай жұмыс істеді

ТЖМ
ТЖМ

2024 жылдың соңғы тәулігінде министрлік қызметкерлері 25 адамды, оның ішінде сегіз баланы эвакуациялады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа жыл түні еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет етіп жатқан құтқарушылар келіп түскен 158 шақырту бойынша оқиға орнына аттанып, түрлі көмек түрлерін көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі 158 шақыртудың  88-і - өрт, сондай-ақ 70-і іздестіру операциялары мен авариялық-құтқару жұмыстары болғанын нақтылайды.

2024 жылдың соңғы тәулігінде министрлік қызметкерлері 25 адамды, оның ішінде сегіз баланы эвакуациялады.

Құтқарушылар қазақстандықтарды өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді, ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды елеусіз қалдырмауға, сондай-ақ алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Куба Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Новости партнеров