UAE SWAT Challengе: қазақстандық командалар үш жүлделі орынға ие болды

Фото: пресс-служба ГУ "Служба государственной охраны Республики Казахстан"
Фото: пресс-служба ГУ "Служба государственной охраны Республики Казахстан"

Қазақстандық арнайы жасақ 48 елдің 109 командасы сайысып жатқан элиталық турнирде озып келеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жеңімпаздар алфавит бойынша тұр! UAE SWAT Challengе сайысының үшінші күнінде біздің командалар елге ерекше қуаныш сыйлады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Барлық үш жүлделі орын қазақстандық командалар қанжығасында:

  • “Kazakhstan А” “Офицерді құтқару” тапсырмасын рекордтық уақытта (02:00 мин.) орындап, турнир кестесін бастап тұр.
  • Екінші орынды “Kazakhstan В” жеңіп алды,
  • үшінші кезең қола жүлдесі “Kazakhstan C” командасында. 

Тағы екі командамыз 20 үздік қатарында “Kazakhstan D” 19-орында тұр, одан кейінгі орында “Tomiris” қыздар командасы, ол әйелдер арасындағы үздік көрсеткішін қайталады әрі көптеген ерлер командасынан тағы да асып түсті.
Үш кезең нәтижесі бойынша “Kazakhstan С” бірінші орында берік тұр. Оған иық тіресіп,  екінші болып “Kazakhstan А” келеді.
Осылайша, қазақстандық арнайы жасақ 48 елдің 109 командасы сайысып жатқан элиталық турнирде озып келеді.  
Алда UAE SWAT Challenge турнирінің екі кезеңі қалды. 

Оқи отырыңыз: Алматы жастар арасындағы ел чемпионатында көш бастады

Новости партнеров