Үлескерлерді алдап келген: Қарағандыда құрылыс компаниясының басшысы сотталды

Олар сот шешімімен құрылыс тоқтатылса да, елден қаражат жинау жалғаса берген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды қаласында үлескерлердің миллиард теңгесін жинап алып, тайып тұрған құрылыс компаниясының директорына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Талғат Тоқтаров алаяқтық бабымен кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. 56 үлескердің ішінде 51 тұрғынның арызы қанағаттандырылып, олардың пайдасына 851 миллион теңге өндіру туралы шешім қабылданды. Бірақ зардап шеккен азаматтардың сұраған моральдық өтемақысы сот тарапынан мақұлданбады. Жалпы тергеу барысында Тоқтаровтың есепшотына 3 миллиардқа жуық теңге түскені анықталған.

 «Ол жер мәселесін әкімдік арқылы шешу үшін Әлкенов есімді азаматқа 169 миллион теңге көлемінде пара берген. Бұл үлескерлердің қаражатын мақсатсыз пайдалану болып саналады. Бар ақшаны алғаннан кейін ол тек құрғақ уәде берумен шектелген», – деді судья Арғын Құтышев.

Сот анықтағандай, салымшылардан жиналған қаржы мақсатсыз жұмсалған. Тіпті айыпталушының қолында жер телімінің жоқтығы да белгілі. Тұрғын үй салуға ешқандай заңды және техникалық негіз болмапты. Сот шешімімен құрылыс тоқтатылса да, елден қаражат жинау жалғаса берген. Бизнес өкілдеріне де коммерциялық бағытқа деп шаршы метрлерді сатқан көрінеді.

Оқи отырыңыз: Сәулеттік жарықтандыру: Бостандық ауданы кешкі уақытта самаладай жарқырай түсті

 

 

Новости партнеров