«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына биылғы 1 қаңтарда 66 571 өтінім түсті

Andre Taissin/unsplash.com/
Andre Taissin/unsplash.com/

Ұлттық қордың қаражатын жас отандастарымызды қолдау мақсатында пайдалану – еліміздің орнықты дамуына бағытталған стратегиялық шешім

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Ұлттық қор балаларға» бағдарламасына 2025 жылдың 1 қаңтарында 66 571 өтінім түсті. Оның ішінде жалпы сомасы 5 316,7 мың долларға 53 001 өтінім орындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғын үй жағдайын жақсартуға 34 388 өтінім берілді, оның ішінде 29 542-сі орындалып, 2 964 мың доллары төленді. Білім беру бойынша 32 183 өтінім жолданып, оның ішінде 23 459 өтінім қанағаттандырылып, 2 352,7 мың доллар төленді.
Биыл бағдарламаға 6 921 035 бала қатысып жатыр (2007 жылдан 2024 жылға дейін туған балалар). Олардың ішінде 324 430 азамат 2025 жылы 18 жасқа толады.


Ұлттық қордың қаражатын жас отандастарымызды қолдау мақсатында пайдалану – еліміздің орнықты дамуына бағытталған стратегиялық шешім. Аталған бастама өмір сүру сапасын жақсартуға оң әсер етіп, кейінгі ұрпаққа болашаққа зор сеніммен қарауға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық балаларға Ұлттық қордан 129 доллар түсті

Новости партнеров