Ұлттық жоба: солтүстік өңірге қоныс аударушылар үшін қанша квота бөлінді

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Биыл Түркістан облысынан 1200-ге жуық азамат теріскейге көшкен

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жыл басынан бері Түркістан облысынан 1200-ге жуық азамат солтүстікке қоныс аударған. Биыл «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 7 мың квота бөлінді. Бұл тұрғындарға 7 облыстың біріне қоныс аударуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Сайрам ауданына келген насихат тобы теріскейге көшуге ниет білдіргендерге қандай жағдай жасалатынын түсіндірді. Ұсынысқа қызығушылық танытқандар көп. Олардың арасында Азиза Ергешбаева да бар. Сайрам ауданының тұрғыны солтүстікке көшіп, өз мамандығы бойынша жұмыс істеп, сәті түссе кәсіп ашсам дейді.

"Өз мамандығым бойынша жұмыс істесем деймін. Одан бөлек, өзімінің бизнесімді бастасам деген ниетім бар еді. Көшіп барғанда қандай көмек көрсетіледі деген сұраққа жауап ала алдым", - дейді Сайрам ауданының тұрғыны Азиза Ергешбаева.

Мамандар қоныс аударған отбасының әр мүшесіне 258 мың теңгелік бір реттік материалдық көмек берілетінін айтады. Ал үйді азаматтардың өзі сатып алады. Оның 4 млн 282 мың теңгесін мемлекет өтейді.

"Бұл жобаның басты функциясы осы. Ұлтым, жерім деген азаматтар Үкіметтің осы жобасын қолдан келгенше пайдаланып, теріскейдегі шекара маңына орналасуға, жабылғалы тұрған ауылдарды құтқарып қалуға атсалыссақ дейміз. Үкімет тарпынан ең басты қолдау осы мәселе деп білемін", - деді ұйым жетекшісі Бурахан Даханов.

Түркістан облысы солтүстікке қоныс аудару бағдарламасының негізгі донорына айналып отыр. Жыл басынан бері теріскейге 567 отбасы қоныс аударды десек, соның 60-70 пайызы – оңтүстіктің азаматтары. Нәтижесінде солтүстікте жабылудың аз-ақ алдында тұрған талай мектеп пен кәсіпорын өз жұмысын жалғастырды.

Нұркен Әкімхан, Аlmaty TV, Түркістан облысынан

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жалдамалы жұмысшылардың 70%-ы аз табыс табады

Новости партнеров