Заңгер Арман Дүйсеновтің отбасындағы мәселені өз қолына алғанын айтты

Almaty.tv
Almaty.tv

Марқұмның әйелі Айсұлу Алданқызы пәтерінен айырылып қалу қаупі бар екенін айтып, сұхбат берген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Заңгер Мейірман Шекеев марқұм композитор Арман Дүйсеновтің отбасындағы мәселе бойынша істі өз қолына алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін марқұмның әйелі Айсұлу Алданқызы кенже ұлы, қарт әкесімен бірге тұрып жатқан пәтерінен айырылып қалу қаупі бар екенін айтып, сұхбат берген. Айтуынша, өзін қайтыс болған үлкен ұлы Абылайдың досымын деп таныстырған жігіт олар тұрып жатқан пәтерді босатуын талап етіп, сотқа берген.

Қылмыстық іс әлі қаралып жатқанымен, Алматы қаласындағы Бостандық аудандық соты пәтерді босату туралы шешім шығарған.

Заңгердің айтуынша, аталған істе кәмелеттік жасқа толмаған бала бар екені ескерілмеген. Сондықтан ол құжаттардан бұл істің көлеңкелі жақтары өте көп екенін аңғарғанын айтады. 

Бұл істі Бостандық ауданының азаматтық істер жөніндегі соты емес, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарауы тиіс болған, – дейді заңгер.

Оқи отырыңыз: Заңсыз сауда: «Сырым» ветеринариялық бақылау бекетінде 20 тонна құс еті анықталды

Новости партнеров