«Зерделі ұлт» тұжырымдамасы: Алматыда кітап оқу мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бүгінде жобаға 1,4 миллионнан астам қатысушы тіркелген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында кітап оқуды насихаттау мен отандық кітап индустриясын дамытуға бағытталған дөңгелек үстел өтті. Жиын Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесуге мемлекеттік органдардың, мәдениет саласының өкілдері, ақын-жазушылар, журналистер мен баспагерлер қатысты.

"Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Рустам Әли министрліктің кітап оқу мәдениетін дамыту және «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонын өткізу бағытындағы жұмысы туралы баяндады. Бүгінде жобаға 1,4 миллионнан астам қатысушы тіркелген. Марафон аясында 120 мың адамды қамтыған 3 мыңға жуық іс-шара өтті", - делінген хабарламада.

Жиында 2027-2031 жылдарға арналған «Зерделі ұлт» тұжырымдамасының жобасы кеңінен қаралды. Құжатта кітап оқу мәдениетін жүйелі дамыту, отандық авторларды, баспаларды қолдау, кітапханаларды жаңғырту және кітап оқуды халықтың тұрақты дағдысына айналдыру шаралары көзделген.

Сондай-ақ кітаптың қалың оқырманға қолжетімді болуы мен жұртшылықтың қалаған шығармасын еркін тауып оқуына жағдай жасаудың маңызы сөз болды.

Қатысушылар отандық баспа ісін дамыту және кітапханалардың оқырман тарту жұмысын жетілдіру жөнінде пікір алмасты.

Оқи отырыңыз: ТЖМ құтқарушылары таудағы қауіпсіздік шараларын еске салады