Қазақстанда тұрғын үйді жалға беру қатынастары заң арқылы реттеледі
Елімізде біреудің пәтерін жалға алып тұрушылар саны жетерлік. Кей жағдайда мүлік иесі еш себепсіз, кейде келісімшарт талаптарын бұза отырып, жалға алушыдан баспананы босатуды талап етеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Мұндай жағдайда жалға алушы не істеуі керек? Қандай құқығы бар және заңсыз әрекеттерге қалай қарсы тұруға болады?
Заңнамалық негіздер
Қазақстанда тұрғын үйді жалға беру қатынастары Азаматтық кодекспен, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңымен және Салық кодексімен реттеледі. Адвокат Нұрлан Жаңабаевтың айтуынша, өз құқығыңды ғана емес, екінші тараптың құқығы мен міндеттерін білу — келіспеушіліктер мен жанжалдың алдын алуға көмектеседі.
Жалға алу шарты: негізгі ережелер
Жалға алу шарты мерзімді (белгілі бір уақытқа) немесе мерзімсіз болуы мүмкін. Егер жалға алу мерзімі бір жылдан асса, шарт ХҚКО-да тіркелуі тиіс. Шартта:
Жалға беруші тұрғын үйді қанағаттанарлық жағдайда тапсыруға міндетті, ал жалға алушы төлемді кешіктірмей, шарт талаптарын сақтауы тиіс.
Жалға алушыны пәтерден себепсіз шығаруға бола ма?
Елімізде, заң бойынша, жалға беруші жалға алушыны еш себепсіз пәтерден шығара алмайды. Егер де:
Өз бетінше шығарып жіберу — заңсыз. Тіпті жалға алушы жалға берушіге қарыз болса да, оны пәтерден тек сот арқылы ғана шығаруға болады. Мұндай әрекет ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы бойынша «өзінше билік ету» ретінде қарастырылып, қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Жалға алушының құқықтары мен міндеттері
Жалға алушы құқылы:
Құқық бұзылған жағдайда қайда жүгіну керек
Егер жалға беруші шартты бұзып, заңсыз шығарамыз деп қорқытып, қысым көрсетсе, жалға алушы құқығын қорғау үшін сотқа, егер қысым көрсетілсе немесе қоқан-лоққы жасалса прокуратураға, тегін заң көмегін алу үшін Әділет министрлігіне (Қазақстан бойынша 119 нөміріне, Алматы мен Астана қалаларында — 58-00-58 нөміріне хабарласуға болады), ал егер ол әлеуметтік тұрғын үйге қатысты мәселе болса әкімдікке шағымдана алады.
Жалға алу шарты болмаған жағдайдағы тәуекелдер
Егер жалға алу шарты жазбаша түрде жасалмаса, бірақ жалға алушы тұрақты түрде төлем жүргізіп келсе — банк төлемдері, түбіртектер, хат-хабарлар жалға алу фактісін дәлелдейтін құжаттар ретінде қарастырылады. Дегенмен, ресми шарттың болмауы жалға алушы үшін көп жағдайда тиімсіз болуы мүмкін, мәселен, төлем мөлшеріне қатысты дау туған жағдайда, кенеттен пәтерден шығарып жібергенде құқығын дәлелдеуде қиындықтар тудырады.
Салық аспектісі
Заң бойынша, пәтерін жалға беретін азамат табыс салығын төлеуі тиіс. Егер пәтер шартсыз жалға берілсе, пәтер иесі салық төлеуден жалтарғаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда кімдерге ChatGPT-ді пайдалануға тыйым салынады