Жамбыл облысында оқушыны өлтірген үш жасөспірімге сот үкімі шықты

Кеуде тұсынан қатты зақым алған 8-сынып оқушысы оқиға орнында көз жұмған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысы Құмжота ауылында оқушыны өлтірген үш жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты. Олар Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің 8-сыныбында оқыған Мирас Мәлікке әжетханада әлімжеттік көрсеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оқиға былтыр сәуірде болған. Кейіннен жарияланғандай, марқұм мен оның сыныптастарын өзінен бір сынып жоғары оқитын оқушылар мектеп ауласындағы дәретханада соққыға жыққан. Кеуде тұсынан қатты зақым алған Мирас оқиға орнында жан тапсырған. Ал оған қол көтерген 9-сынып оқушылары кінәларын мойындады.  

"Үш сотталушының біреуі ауырлығы орташа санаттағы қылмыс жасаған деп айып тағылған. Ол сотталушыға орташа санаттағы қылмыс жасағаны үшін айып тағылғандықтан, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Екі сотталушыға қатысты 293-баптың 2-бөлігі 1-тармағымен және 106-баптың 3-бөлігімен және де екеуінің біреуіне айдап салушы ретінде 28-баптың 4-бөлімімен қосымша жаза тағайындалды. Түпкілікті 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деді судья Гүлмира Әлімқұлова.

Оқи отырыңыз: Енді пара беруге уәде еткендер де қылмыстық жауапқа тартылады

Новости партнеров